Өскемен
-24°
плотный туман ветер 2 м/с, С
468.9 485.64 7.7

ШҚО-да "Отбасының цифрлық картасын" енгізу басталды

17.09.2022, 00:36 1 0 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да 1 қыркүйектен бастап пилоттық режимде "Отбасының цифрлық картасын" енгізу басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Онда отбасылардың әл-ауқатының деңгейіне қарай әлеуметтік кепілдіктердің барлық түрлері дербестендірілетін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік төлемдер бөлімінің басшысы Бұлбұл Құсманова мәлімдеді.
- Отбасының цифрлық картасы-отбасыларды бағалауға, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды анықтауға бағытталған әлеуметтік саяси құралдардың бірі. Карта өңірдің және жалпы елдің әлеуметтік портретін жасауға мүмкіндік береді. Сондай - ақ, осы жүйе арқылы отбасының материалдық жағдайын, оның әлеуметтік мәртебесін, табысын, өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын анықтауға болады, - деді Бұлбұл Құсманова. 
Спикердің айтуы бойынша, бастапқы кезеңде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде отбасылардың әл-ауқатының деңгейін және оларға тиісті мемлекеттік қолдау шараларын анықтау бойынша жұмыс жүргізілді.
Брифинг соңында әлеуметтік төлемдер бөлімінің басшысы жоба кезең-кезеңмен жүзеге асырылатынын айтты. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаңа форматта 9 қызмет түрін алу мүмкіндігі ұсынылды. 2025 жылы мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылатын болады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив