KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Өскеменде әйелдер форумы өтті

6.12.2022, 16:01 614 Оразай Жеңісұлы

Өскеменде «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Әйелдердің ел дамуындағы рөлі» атты форум өтті.

Форум партияда Әйелдер қанатын құруды мақсат етеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жиынға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, отбасы мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Динара Закиеваның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар мәселелер әйелдерге әсіресе жақын.

– Қазір елімізде 9,8 млн. әйел азамат бар. Әр салада әйелердің үлес салмағы жыл санап артып келеді және бұл орынды. Өйткені қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты олардың да айтар ой-пікірі бар. Отбасы мен балалардың болашығына қатысты сұрақтар аналарға тіпті жақын. Сондықтан бүгінгі форумның маңызы зор. Әйелдер қауымының басы қосылса, біршама жұмыс жолға қойылады, – деді спикер.

Форумға облыс орталығынан бөлек, аудандар мен шалғай елді мекендерде еңбек ететін әйелдер жиналды.

– Халқымызда «Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз бар. Бұл сөз әйелдердің қай заманда да қоғамның маңызды бөлшегі болғанын айғақтайды. Сонымен қатар ауылдық жерлерде ана мен балаға қатысты мәселелер де жоқ емес. Бүгінгі форму сол түйткілдердің шешілуіне жол ашады деп үміттене келдік, – дейді Катонқарағай ауданын келген ұстаз Тоты Тілеудинова.

Форумда ауыл әйелдерін жұмыспен қамту, бизнестегі әйелдерге арналған жаңа мүмкіндіктер және қаржылық сауаттылық жөнінде баяндама оқылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив