KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Пиротехникаларға бақылау күшейтілді – ШҚО

7.12.2022, 11:44 449 Ләззат Қанатқызы

Жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар айналымының және оларды қолданудың белгіленген қағидаларын сақтауын бақылау мақсатында Республика аумағында "Пиротехника"жедел-профилактикалық іс-шаралары жүргізіледі.

Қазіргі уақытта облыс аумағында азаматтық пиротехникалық заттарды сақтаумен және пайдаланумен 3 объект тіркелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Атап айтқанда, Өскемен қаласында – «Ұлан» ЖШС, Виноградов көшесі №17а-«Дос-Нар» және «СТиК» ЖШС Қ.Сәтпаев даңғылы №76/2 «Фрешмаркет СҮ», Жібек Жолы көшесі «Магнум СҮ» және Бажов көшесі №110 «АДК СҮ», сондай-ақ Алтай қаласында ЖШС «Алтай Салют» Первомайская көшесі №23/2.

Полиция департаменті "Азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасаған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы" нормативтік-регламенттеуші құжаттарға сәйкес азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау ішкі істер органының рұқсаты негізінде жүзеге асырылатынын еске салады.

- Қоғамдық тәртіпті, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, тасымалдау, әкелу, әкету ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік шаралар көзделген (ҚР ӘҚБтК 436, 483, 196-бабы).Сертификатталмаған өнімді сатып алуға тыйым салынбайды, бірақ өте қауіпті, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив