KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Айтқазы Шерубаев: Басшының тиімділігі қиын жағдайларда танылады

7.12.2022, 17:50 443 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов ШҚО әкімі лауазымына тағайындалды.

Тағайындауға қатысты облыстың белсенді тұлғалары өз пікірлерін білдіруде, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

ШҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаев:

«Бір ай бұрын Риддер қаласының жылу электр орталығында орын алған қиын жағдайда облыс әкімі Даниал Ахметовтің стратегиялық ойлау қабілеті және өмірлік мол тәжірибесі сияқты қасиеттері айқын көрініс тапты. Ол, дереу оқиға орнына жетіп, маңызды және уақтылы шешімдер қабылдай білді. Төтенше жағдай штабын құрып, жылу электр орталығы қызметін қалпына келтіруге келген облыстың басқа да кәсіпорындарының жұмысын ұйымдастырды. Мен оның біліктілігінің арқасында ғана қаладағы жылу жүйесін сақтап, осындай күрделі жағдайға тап болған кәсіпорынды ұстап қала алғанымызға еш күмән келтірмеймін. Осылайша, Екібастұздағы дәл осыған ұқсас жағдайдың салдарынан орын алған ірі апаттың біздің өңірімізде де қайталануына жол берілмегенін атап өтемін. Бұл оның өмірлік тәжірибесі мол, білікті басшы, іскер ұйымдастырушы екенін айқын көрсетті. Сондықтан мен бүгінгі Даниал Кенжетайұлы Ахметовті облыс әкімі лауазымына қайта тағайындау дұрыс қабылданған шешім деп санаймын!»
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив