KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
448.89 477.93 4.76

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы өте қарқынды - Лұқбек Тумашинов

7.12.2022, 19:05 538 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов ШҚО әкімі лауазымына тағайындалды.

Тағайындауға қатысты облыстың белсенді тұлғалары өз пікірлерін білдіруде, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Лұқбек Тумашинов, "Элхон" ЖШС директоры, облыстық маслихат депутаты:

«2022 жылғы 20 қарашада - Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауынаШығыс жұрты белсенді қатысты. Баршамыз бірігіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Мемлекет басшысыетіп таңдадық. Ел президенті ұлықтау рәсімінде маңызды міндеттерді атап өтті.
Осы жұмыстарды өңірлерде сапалы ұйымдастыру үшін бірінші кезекте білікті басшы керек. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов 8 жыл көлемінде облысты басқарып келеді. Осы уақыт аралығында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы өте қарқынды. Халқымыздың жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды жобалар қабылданып, нақты істер атқарылуда.
Жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді. Тұрғын үй кешендері салынды. Барлық қалалар мен аудан орталықтарында жаңа шағын аудандар пайда болды. Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы жалғасуда. Көлік инфрақұрылымы жақсарды. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Тау-кен металлургия өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешені дамуда. Бүгінгі күні  қала халқының 96%-ы және ауыл халқының 91%-ы таза ауыз сумен қамтылған. Бұл республикадағы ең үздік көрсеткіштердің бірі. Шекара маңындағы аудандар мен бұрынғы аудан орталықтарындамытудың кешенді жоспарлары қабылданды. Көзге көрініп, көңілге түйетін жұмыстаржасалды, әлі де жалғасуда.
Облыс тұрғындары атынан Даниал Кенжетайұлы Ахметовтіңжұмысына өте жоғары деген баға береміз! Шығыс Қазақстан облысының әкімі ретінде Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің кандидатурасын қолдаймыз! Осындай кезеңде, мемлекет басшысына қолдау көрсетіп, тәжірибелі басшы ретіндебарлық міндеттерді табысты іске асырады деп сенеміз!»
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив