KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
439.4 473.54 4.76

Бизнес-жобаларды іске асыруға 300 млдр теңгеден астам қаржы бөлінбек - ШҚО

9.12.2022, 16:36 470 Ләззат Қанатқызы

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобалар ШҚО-да белсенді түрде іске асырылуда.

ШҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабақовтың айтуынша, аталмыш жобаларға 370 миллиард теңгеден астам инвестиция салынбақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Өңірде төрт жыл ішінде жалпы инвестиция көлемі 370 миллиард теңгеден асатын 12 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Бизнес нысандарын іске қосу тұрғындарды үш жарым мыңнан астам жұмыс орнымен қамтамасыз етеді, - деді Марат Қабақов.

Оның айтуынша, жеті жоба тау-кен металлургиясы саласында, төртеуі ауыл шаруашылығы саласында, біреуі логистика және жүк көліктерін жөндеу бойынша қызмет көрсету саласында іске қосылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив