Өскемен
-11°
пасмурно ветер 0,1 м/с, З
455.65 489.96 6.36

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

9.12.2022, 16:46 264 0 Ләззат Қанатқызы

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды.

Басқарма басшысы лауазымына облыс әкімінің өкімімен Жандос Сайханов тағайындалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жандос Сайханов 1986 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі, магистр дәрежесі бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еркін күрестен спорт шебері. Жасөспірімдер мен жастар арасында ҚР чемпионы. Еркін күрестен республикалық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері.

Осы уақытқа дейін Қажымұқан атындағы жекпе-жектен облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебін басқарды.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив