Өскемен
-11°
пасмурно ветер 0,1 м/с, З
455.65 489.96 6.36

ШҚО әкімі Риддердегі ЖЭО-ға жауаптыларды сынға алды

10.12.2022, 10:30 221 0 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі қала және аудан әкімдерімен жылумен жабдықтау мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Оған ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментінің өкілі қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Ағымдағы жылдың сәуір айынан қыркүйекке дейін осы ведомствоның мамандары Риддер жылу электр орталығында болмағанына назар аударғым келеді. Алайда 15 қыркүйекте бейінді министрлікке хат жолдады, онда станцияның жылу маусымына толық дайындығы туралы хабарлады. Дабыл қағудың, прокуратураға жүгініп, жабдықтың ауыр жағдайы жылу маусымының бұзылуына әкелуі мүмкін деп айтудың орнына, комитет өкілдері бірнеше әкімшілік айыппұлдар жазумен ғана шектелді, – деп сынға алды Даниал Ахметов.

Риддер ЖЭО басшылығы департаментке 4 және 5 қазандық агрегаттарының жөнделгені туралы хат жолдап, сондай-ақ бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жабдығы бар қалқан өрті туралы ақпаратты жасырып, оларға теріс ақпарат жолданған.

– Осылайша, ведомство жұмысқа деген өздерінің дәрменсіздігімен немқұрайлылығын танытып отыр. Өзге энергетикалық объектілерді қалайша тексеріп, баға беретіні күмән тудырады. Олар өздерінің әрекетсіздігінен бүкіл қаланы қыс мезгілінде қатып қалу қаупіне ұшыратты. Мұндай немқұрайлы шенеуніктер мемлекеттік қызметте болмау керек деп санаймын, – деді облыс әкімі.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив