KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО әкімі жұмыс сапарымен Риддерге барды

10.12.2022, 15:19 354 Оразай Жеңісұлы

Облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Риддер қаласына барды.

Қазіргі уақытта жылу электр орталығындағы №5 қазандық агрегатында жөндеу және іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Жексенбіде біз оны ыстық режимге енгізетін боламыз. Қазір станцияда үш қазандық тұрақты жұмыс істейді, желідегі температура 75 градус. Бесінші қазандық жұмысқа қосылмайынша, артық қысымға жол бермейміз. Қазір сегіз медициналық мекемеде Алматыда өндірілген қосымша электр қазандықтары орнатылуда, бұл жүйедегі суды жүз градусқа дейін қыздыруға және ЖЭО-ға қосымша жүктемесіз әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – дейді облыс әкімі.

15 желтоқсанға дейін бұл жабдық барлық ауруханаларда, ал осы айдың 23-не дейін 4 білім беру мекемесінде орнатылады. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде резервте болған екі қазандықты жөндеу жоспарланған.

– Мамыр айында келесі жылыту маусымына сенімді түрде кіру үшін Риддер ЖЭО-ны толық көлемде қайта құруды бастаймыз. Қазір мазут пен көмірдің қажетті қоры бар, күн сайын 15 вагон қатты отын келіп түсуде. Сонымен қатар, Риддерді қосымша жарықтандыру бойынша жоба әзірленуде. Автобус маршруттары өтетін және әлеуметтік нысандар орналасқан көшелердің бойына 2500 шам орнатамыз, – деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив