Өскемен
+34°
переменная облачность ветер 3,1 м/с, СВ
444.85 477.19 5.42

400 келі балық аулаған браконьер ұсталды – ШҚО

13.12.2022, 11:56 269 0 Оразай Жеңісұлы

Глубокое ауданының тұрғыны заңсыз түрде 400 келі балық аулаған.

Тәртіп сақшылары өңір аумағында «Браконьер» жедел шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Заң бұзушы «Өскемен-Шемонаиха» тасжолының 60-шы шақырымында ұсталды. Полиция қызметкерлері «ВАЗ» маркалы көліктен шамамен төрт жүз келі табан балық тәркіледі.

40 жастағы тұрғын балықты Убинка ауылындағы Шүлбі су қоймасынан аулаған көрінеді.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің  335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

269
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив