Зайсаннан жәрмеңке келеді

Облыс орталығына Зайсан ауданынан жәрмеңке келеді.
Тек бұл жолы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі сенбіде емес жұмада, Тәуелсіздік күнінде, болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өтетін орны – «Fresh-Market» сауда-логистикалық орталығының аумағы.
Қала тұрғындарына сертификатталған және сапалы азық-түлікті өндірушілердің тікелей өзінен алуға мүмкіндік бар. Мұндағы өнімдер нарықтық бағадан орташа есеппен 15%-ға төмен бағағамен саудаланады. Сондай-ақ жәрмеңкедегі тауарлардың ветеринариялық ілеспе құжаттар міндетті түрде болатын естеріңізге саламыз.
Жәрмеңке сағат 8-00-ден 14-00-ге дейін болады.
285
0
0
Сонымен қатар оқыңыз