KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-ның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

17.12.2022, 09:24 353 Оразай Жеңісұлы

«Қазгидромет» РМК-ның ақпаратына сүйенсек, сенбі күні 13 қалада ауа сапасы нашарлайды.

Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Қостанай, Көкшетау, Петропавл және Өскемен (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Риддер (2 дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив