KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, З
448.15 483.46 4.86

Балабақшадағы кезекті толық жоюға таяп қалдық – Өскемен әкімі

сурет ашық дереккөзден алынды

19.12.2022, 10:30 588 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығындағы балабақшаларда кезек мәселесі толық шешілуге жақын.

Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz.

«Әлеуметтік саланы дамыту – қаладағы өмір сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Осы ретте мектепке дейінгі білім берумен қамту бірінші орынға шығады. Баланы балабақшаға аса қиындықпен орналастырған кездер көбінің есінде шығар. Балабақшада орын жетпей, ата-аналар әр орын үшін таласатын. Қазір бұл мәселе артта қалды десе де болады. Біз Өскеменнің балабақшаларындағы кезекті толықтай жоюға таяп қалдық деп сенімді түрде айта аламыз. Тиімді жұмыстың нәтижесінде бес жыл ішінде кезек 3,5 есеге қысқарды. Әсіресе, соңғы екі жылда біз ерекше табысқа жеттік. Осы уақыт аралығында қаламызда 12 жаңа балабақша ашылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де белсенді жалғасып жатыр, – деді қала әкімі.

Қазіргі уақытта 1290 орынға арналған тағы бес балабақшаның құрылысы қарастырылып жатыр. Олардың екеуі 19-шы ықшам ауданында, біреуі – ЖМК ауданында, енді біреуі - Нұрлы Жол ықшам ауданында орналасады. Сондай-ақ Защита ауданында да бір балабақша ашылады.

«Қаланың оң жақ бөлігінде типтік балабақша ғимараттарын қайтару мәселесі тиімді болып көрінеді. Бұл ғимараттар кезінде басқа қажеттіліктерге берілген еді. Бүгінгі таңда біз аталмыш мәслені қолға алып отырмыз. Жақын арада Челюскин көшесінде жөндеуден өткен балабақша ашылады. Сонымен қатар, Протозанов және Космическая көшелеріндегі бұрынғы балабақшалардың жұмысын қайта жандандыру бойынша шаралар да басталып кетті», - деді Жақсылық Омар.

Қазір облыс орталығының мектепке дейінгі мекемелеріндегі кезек – 4416 орын. Осы қарқын сақталған жағдайда кезек күту мәселесі екі-үш жыл ішінде толық шешіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив