Өскемен
+16°
небольшая облачность ветер 2 м/с, В
448.71 479.67 5.52

ШҚО-да қар жауып, жаяу бұрқасын соғады

21.12.2022, 15:57 390 0 Оразай Жеңісұлы

«Қазгидрометтің» облыстық филиалының ақпаратына сүйенсек, 22 желтоқсанда түнде Шығыс өңірінің таулы аймақтарында қалың қар жауады.

Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 25 м/с болады.

«Жолға шықпас бұрын, трассалардың жай-күйін қадағалаңыз. Трос, күрек, шыны тазалайтын қырғыш, жанармай қоры, майшам, жылы заттар, телефон, қуатталған PowerBank, азық-түлік, ыстық шай құйылған термос заттарды сапарға ала шыққан абзал», - деп жазылған синоптиктердің ақпаратында.

Автожолдар туралы ақпаратты «Дәрмен» қосымшасынан көруге болады.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112»  нөміріне қоңырау шалу қажет.

390
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив