Өскемен
-23°
плотный туман ветер 1 м/с, С
472.17 495.5 7.57

Елімізде қай мамандық иелері ең жоғары жалақыны аңсайды

16.09.2022, 19:06 1 0 Мадина Амангелдіқызы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан хабарламада Қазақстанда ғылыми қызметкерлер, бас директорлар және авиациялық инженерлер ең жоғары жалақыны күтетіні жазылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ведомство электронды еңбек биржасының тамыз айындағы жұмысының қорытындысын жариялады.

2022 жылдың тамыз айында еңбек биржасында 119,9 мың бос жұмыс орны мен 93,9 мың түйіндеме жарияланды.

"Қызметі үшін ең жоғарғы жалақы күтетіндер қатарында ғылыми қызметкерлер (2,7 млн ​​теңге), бас директорлар (2,3 млн теңге), авиация саласындағы инженерлер (1,6 млн теңге), кен орындары директорлары (1,5 млн теңге) және қосымшаларды әзірлеушілер (1,2 млн теңге) бар", – деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Бұл ретте жұмыс берушілер мемлекеттік ұйым басшыларына – 640 мың теңге, бас технологтар мен қаржылық тәуекел менеджерлеріне – 500 мың теңгеден жоғары жалақы ұсынады.

Өңірлер бойынша ең жоғары жалақы Атырау облысында ұсынылып отыр. Онда өнеркәсіптік альпинистер үшін 824 мың теңге жалақымен 20 бос жұмыс орны жарияланған.

Ал Нұр-Сұлтан мен Алматыда, сондай-ақ Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс берушілер мемлекеттік органдардағы құрылымдық бөлімшелердің басшыларына 500 мыңнан 730 мың теңгеге дейін жалақы ұсынған.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив