KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 7 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы

26.12.2022, 12:45 536 Ләззат Қанатқызы

Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына жолдауында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы жариялады. Парламент Салық кодексіне заңдастыруға жататын автокөліктерді бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін белгілеу бөлігінде 200 мың теңге мөлшерінде алғашқы түзетулерді қабылдады. Бір мезгілде екінші заң жобасы аясында Экологиялық кодекске аталған автокөліктер үшін кәдеге жарату төлемін алып тастау бөлігінде түзетулер енгізіледі. Заңдастыруды өткізу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін айқындайтын Үкімет қаулысының әзірленген жобасы ІІМ ресми сайтында орналастырылды және 29 қарашадан 13 желтоқсан аралығында ашық талқылау рәсімі өтті.

Заңдастыруға жататын автокөліктер іздестіру базасында тіркелмеуі, бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы, толық кедендік тексерістен өтуі, сондай-ақ 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінуі тиіс. Беларусь Республикасында, Ресей Федерациясында және Арменияда тіркелген автокөліктер үшін кедендік тексерістен өту талап етілмейді.

ҚР ІІМ деректері бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін еліміз бойынша шетелдік автокөліктерге 300 мыңнан астам автосақтандыру полисі ресімделді. Автокөлік сақтандыруларының ең көп көбі Ресей Федерациясынан келген автокөліктерге берілген, олар шамамен 260 мыңға жуық, Қырғызстан автөкөліктері– 25,5 мың және Армения автокөліктері – 18 мың.

Автокөліктерді заңдастыру қажетті заңнамалық өзгерістер қолданысқа енгізілгеннен және Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданғаннан кейін басталады. Бұл ретте заңдастыруды 2023 жылғы 1 қаңтардан 1 шілде аралығында алты ай ішінде жүргізу жоспарлануда.

Кіру күні ҰҚК Шекара қызметінің деректер базасы бойынша айқындалатын болады. Қазіргі уақытта бұл процесс толығымен автоматтандырылған. Сонымен қатар шекара қызметінде көлік құралын әкелу туралы мәліметтер болмаған жағдайда, автокөліктің Қазақстан Республикасында нақты болу күні автосақтандыру полисінің алғашқы ресімделген күні бойынша айқындалатын болады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында заңдастырудың екі критерийін белгіледі: біріншісі-автокөліктер іздестіруде болмауы тиіс, екіншісі – толық кедендік «тазартудан» өтуі тиіс. Егер аталған автокқліктер осы талаптарға сәйкес келсе, әрине оларды тіркеуге ешқандай кедергі жоқ. Заңдастыруға жататын автомобильдерге жылына, рульінің орналасуына және экологиялық сыныпқа қойылатын талаптар қойылмайды.

Бұрын біздің елімізде сары нөмірлі мемлекеттік нөмірлер шығарумен тіркелген «Армян» автокөліктері де заңдастыруға жатады. Оларды кедендік декларациялау талап етілмейді, себебі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап олар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып танылады.

Заңдастыру  кезіндегі негізгі төлем-бастапқы тіркеу үшін алым, ол 200 мың теңгені құрайды. Қалған төлемдерге техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмір үшін мемлекеттік баж төленеді, олар үшін 13 мың теңгеден  астам төлеу қажет болады.

Заңдастыруға өтінішті «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе арнайы ХҚКО-ға жеке өтініш жасау арқылы беруге болады. Ұсынылған құжаттар мен көлік құралын іздестіру базалары бойынша тексергеннен кейін автокөлік нөмірлік агрегаттарды салыстыру тексеру үшін Арнайы ХҚКО жанындағы қарау пунктіне ұсынылады. Содан кейін бастапқы алым, техпаспорт пен мемлекеттік нөмір үшін мемлекеттік баждар, сондай – ақ қажет болған жағдайда кедендік баждар төленеді. Тіркеу бекітілгеннен кейін автомобиль иесіне қазақстандық техникалық құжат және мемлекеттік нөмір беріледі.

Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары, Полиция департаменті заңдастыруды жүргізуге қатысты барлық мәселелер бойынша Өскемен қаласы, Назарбаев даңғылы 73/1 мекенжайы бойынша ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасына жүгінуді немесе 8-(7232)-23-41-59, 23-57-20 телефон нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласа алатындарыңызды естеріңізге салады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив