KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Пәкістанға тікелей әуе қатынасы іске қосылады

Шартты сурет

26.12.2022, 15:55 383 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда Пәкістан еліне тікелей уе қатынасы іске қосылмақ.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын одан әрі кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту, сондай-ақ "ашық аспан" режимінің саясатын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды Altaynews ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылғы 23 желтоқсанда Исламабад қаласында (Пәкістан) ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі 11-ші отырыс өтті,

Жиналыс шеңберінде Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Пәкістанның Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Хакан Мұртаза мырзамен кездесуі өтті.

 Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістанның авиациялық билігі арасында келісімге қол қойылды.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде қазақстандық "SCAT" авиакомпаниясы 2023 жылғы наурыздан бастап Воеіпg 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде Алматы – Лахор (аптасына 2 рейс) және Алматы – Карачи (аптасына 2 рейс) бағыттары бойынша тікелей жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив