KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Өскеменнің дарынды балалары әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен танысты

Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

26.12.2022, 18:01 515 Мадина Амангелдіқызы

Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімінде ашық есік күні ұйымдастырылды. 
Әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысуға ШҚО білім басқармасының «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің» оқушылары келді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Өскемен гарнизоны баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ашық есік күні «Балалар жылы» аясында және даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 112 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. 
Келушілер назарына түрлі әскери қару-жарақтар мен әскери ұрыс техникаларыда ұсынылды. 
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында өскелең ұрпақтың тәрбиесінде тиісті іс-шараларды іске асыру қажет екені, ел өміріндегі осындай елеулі шаралар жас ұрпақты нағыз патриоттыққа тәрбиелейтіні туралы айтылған. 
Ұйымдастырылған шарада балалар әскери өмірді көріп, арнайы әскери киім үлгілері, әскери техника және қару-жарақ түрлерімен, сонымен қатар, радиациялық, химиялық және биологиялық қауіп төнген кезде киетін арнайы киім үлгілерімен танысты.  
Одан бөлек, жауынгерлер оқушыларға қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінен көрініс көрсетті. Іс-шара барысында оқушылар сарбаздардың асханасында түскі астан дәм татты.

- Әскери бөлімде ашық есік күнін өткізу арқылы біз болашақ Отанқорғаушы ұрпаққа әскери-патриоттық, Отан алдындағы азаматтық борышты өтеудің маңыздылығын түсіндіреміз. Бұл жастардың өз елі мен Отанын сүюге үйрететін, оларды адалдыққа тәрбиелеудегі басым бағыттардың бірі болып табылады, - деп атап өтті бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Абзал Таждинов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив