KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

Қазақстанда депутаттыққа кандидаттарды тіркеу аяқталды

24.12.2022, 19:09 157 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін сағат 18.00-де елімізде депутаттыққа кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының 20 мандатына ұсынылған 130 үміткердің 66 кандидатын тіркеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Кандидаттар арасында 95,5%-ы (63)- өзін-өзі ұсынушылар, ал 4,5%-ын (3) мәслихаттар ұсынған.

Тіркелген кандидаттар қатарында: ерлер - 46 (69,7%), әйелдер - 20 (30,3%).

Кандидаттардың арасында:  ҚР Парламенті Сенатының қазіргі депутаттары - 4 (6,1%), мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері - 15 (22,7%),  мемлекеттік қызметшілер - 29 (43,9%), коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері - 13(19,7%), қоғамдық ұйымдардың өкілдері - 5 (7,6%) бар.

Мамандықтары бойынша: дәрігерлер – 3 (4,5%), инженерлер – 7 (10,6%), заңгерлер – 8 (12,1%), саясаттанушылар – 1 (1,5%), журналистер – 1 (1,5%), оқытушылар – 14 (21,2%), экономистер – 9 (13,6%), ауыл шаруашылығықызметкерлері – 10 (15,2%), басқалары – 13 (19,7%).

Кандидаттардың орташа жасы - 51,8 жас.

Ең көп кандидаттар Жамбыл облысы мен Алматы қаласында тіркелген: 5 кандидат. 4 кандидат Абай және Түркістан облыстарында тіркелген. Астана, Шымкент қалалары және қалған 14 облыста 3 кандидаттан тіркелген.

Осылайша, тіркелген мандаттардың ішінен орта есеппен бір мандатқа, яғни Парламент Сенатының депутаттығына 3 кандидат үміткер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив