KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 4 м/с, З
444.32 473.33 4.76

ШҚО-ның 15 елді мекенінде су басу қаупі жойылды

30.12.2022, 13:14 400 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру шеңберінде Жол Картасына 21 тармақ енгізілді.

Шығыста әр көктем сайын су тасқыны қаупі туындайды. Бұл айналадағы рельефке байланысты. Су тасқынының алдын ал үшін ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 166 млн 688 мың теңгеге 9 іс-шара толық көлемде іске асырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ШҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Еркен Сәрсембинов айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"2023 жылға Зайсан ауданындағы Жарлы өзенінің арналарын тазарту, Глубокое ауданы Черемшанка ауылындағы Үлбі өзенінде және Катонқарағай ауданының Сарымсақты өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары жоспарланған. Биыл "Шығыс су қоймалары" КМК 4 гидротехникалық құрылғыны жөндеуден өткізді, Ертіс бассейндік инспекциясы тағы 74 құрылғыны зерттеді. Облыста қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр, қазіргі уақытта 70 мың текше метрден астам қар шығарылды", - дейді Еркен Сәрсембинов.

Брифинг барысында ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Балан Балтабаев өңірде 71 елді мекен су тасқынына ұшырайтынын айтты.

"15 елді мекенде қауіп жойылды, 46-сында азайтылды. Облыстық ТЖД-нің аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елді мекендерде еріген және жаңбыр суларын уақтылы өткізу немесе бұру мақсатында арық жүйелерін түгендеп, арықтар мен арналарды тазартты. Өзендерде мұзды профилактикалық ұсақтау бойынша жыл сайынғы іс - шаралар жоспарланып отыр", - деді ол.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив