KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2,1 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Өскемен ауасындағы зиянды қалдықтарды азайту: 10 жылда 13%

30.12.2022, 16:00 518 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында ауа сапасына тікелей әсер ететін қоршаған ортаны техногендік ластау көздері көп шоғырланған. Талай жылдан бері қалыптасқан мәселені шешу үшін ұзақмерзімді жоспардың керегі анық еді.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев экологиялық жағдайды жақсарту бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Қазіргі уақытта 15 бекетте атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг қойылған.  Облыс орталығындағы ауаның ластануына «Казцинк» ЖШС мен «Өскемен ЖЭО»-ның көп «үлес» қосады. Алайда бірінші кәсіпорын 15 жыл ішінде шығарындылар көлемін 67%-ға қысқартты. Озық технологияларды енгізу аясында 2025 жылға қарай табиғи ортаға жүктемені 20%-ға дейін қысқарту жоспарлануда, – деді Ержан Нұрбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, азот оксиді шығарындыларын азайту мақсатында «Өскемен ЖЭО» ЖШС қазандық агрегатын жаңғырту бойынша жоба іске асырылды.  

Спикердің мәліметінше, соңғы 5 жылда облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары табиғатты қорғау іс-шараларына 48 млрд.теңгеден астам инвестиция салған.

– Мемлекеттік экологиялық бақылау шеңберінде 106 тексеру жүргізілді, 224 бұзушылық анықталды. Бұзушылықтарды жою туралы 71 ұйғарым берілді. Жалпы сомасы 297,6 млн.теңгеге 246 айыппұл салынды, - деп толықтырды облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар, елді мекендерді көгалдандыру жоспарлы түрде жүргізілуде. Мәселен, 2021 жылы 127,5 мың дана көшет отырғызылды, 2022 жылы 149,4 мың дана көшет отырғызылды.

Бұдан басқа, облыстың 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру мен орман өсірудің кешенді жоспарына сәйкес, бес жылда отырғызу алаңы 15 мың гектарға кеңейтіліп, 76 млн. дана көшет отырғызылады.

– Осылайша, экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан іс - шаралар шеңберінде соңғы 10 жылда шығарындылар 13%-ға төмендетілді, – деп түйіндеді Ержан Ахтанұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив