KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 1,7 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да Балалар жылын қорытындылады

30.12.2022, 17:03 594 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да балалар жылына 129 іс-шара жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда барлық ойластырылған жобалар 100% іске асырылды.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының м. а. Инесса Чернышева айтып берді, деп хабарлайды Altaynews.kz. 
Жалпы бұл жобалармен аймақ бойынша 0-ден 18 жасқа дейінгі 181 мың 266 бала қамтылған екен. 

-    "Білімді бала" бөлімі бойынша 67 жоспарланған іс-шара өткізілген. Облыс әкімінің дарынды оқушылармен және студенттермен кездесуі ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың мамыр айында "New generation" ІХ облыстық IT-фестивалі өтіп, онда облыстың мектептері, колледждері мен ЖОО оқушылары өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды. Үздік 13 стартап-жоба облыс әкімінің 13 млн. теңге гранттарымен көтермеленді, - деді Инесса Чернышева.

Сондай – ақ "Отбасы-қауіпсіз мекен" жобасы аясында "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы өткізіліп, онда көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің 6 мың 794 тілек хаттары орындалыпты. "Мектепке жол" акциясы аясында кәсіпкерлердің, меценаттардың қолдауымен 50 млн теңгеден астам қаражат бөлініп, 6 мың 415 оқушы мектеп құралдарымен қамтамасыз етілді. Облыс аумағында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 2,4 мың балабалабақшаларға тегін баратынын айта кеткен жөн.
"Дені сау бала" жобасы бойынша 8 іс- шара, "Жетімсіз ел" жобасы бойынша 5 іс-шара өткізілді. Инесса Чернышеваның айтуынша, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санының азаюына тұрақты үрдіс бар екен. 

-    10 жыл ішінде олардың саны 57% - ға, оның ішінде балалар үйлері тәрбиеленушілерінің контингенті 65% - ға қысқарды. Үш ауысымды және апатты мектептер мәселесі толығымен шешілді. 2025 жылға дейін 7 мың 570 орындық 20 жаңа мектеп салынады. "Жайлы мектеп" жобасы аясында 4 мың 200 орындық 10 мектеп салу жоспарланған. Ағымдағы жылы 2 мектеп пайдалануға берілді. 111 орындық "Ғажайыптар елі" мектеп-балабақшасының арнайы кешені ашылды, - деп толықтырды спикер.

Биыл бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл лауазымы енгізіліп отыр.  Аталмыш лауазым ағымдағы жылдың шілдесінде бекітілді. Бұл мемлекеттік қызмет емес - қоғамдық институт.  Ол балалардың қауіпсіздігі мен жағдайын жақсарту үшін азаматтардың, ата-аналардың, заңды өкілдердің және балалардың жеке өтініштерімен жұмыс істейді.  Шілде айынан бері көптеген өтініштер түсіп үлгерген. 
Айта кетсек, ШҚО-дағы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілге 8-705-661-41-21 телефон номері немесе Өскемен қаласы Астана көшесі, 4, 1-кеңсе мекенжайы бойынша хабарласуға болады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив