KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Өскемен: қаңтарда жаңа трамвайлар жолға шығады

3.01.2023, 17:27 490 Оразай Жеңісұлы

«Өскемен Көлік Компаниясы» ЖШС трамвай паркінде тұрған жаңа вагондардың суретін жариялады.

Естеріңізде болса, желтоқсан айында көлік компаниясы екі жаңа трамвай алған. Енді тағы екеу алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сондай-ақ қала тұрғындары трамвайлардың су жаңа екеніне күмән келтірген еді. Бұл туралы әлеуметтік желілерде жиі жазылды. Сондықтан көлік компаниясының өкілдері трамвай паркінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа вагондардың фотосуреттерімен қоса пост жариялады.

«Бұл нағыз трамвай паркіндегі нағыз трамвайлардың фотосуреттері – фотошоп емес. Жайлы әрі ыңғайлы жаңа трамвайлар қаңтар айының басында маршрутқа шығады», - деп жазылған хабарламада.

Ал Өскемен әкімі Жақсылық Омар қырық жыл ішінде қалада жаңа трамвайлар болмағанын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив