KZ
Өскемен
+7°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
448.15 483.46 4.86

8 қаңтарға дейін қар көшкіні қауіп төндіреді – ШҚО

шартты сурет

4.01.2023, 14:22 693 Оразай Жеңісұлы

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті дабыл қағып жатыр.

Шығыстың таулы аймақтарында 4-8 қаңтар аралығында көшкін жүру қаупі бар,  деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мамандардың айтуынша, қар көшкіні көлік жолдарының бойында жиі болады. Сондықтан таулы аймақтарға сапарға шықпаған абзал.

«Қар көшкіні 8 қаңтарға дейін қауіп төндіреді деп болжанды. Жолға шықпас бұрын, трассаның ашық-жабықтығы туралы ақпаратты нақталап алған жөн», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.

Естеріңізге саламыз, тасжолдар туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив