KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да орташа жалақы 270 мың теңгеден асады

4.01.2023, 15:05 590 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстанда орташа жалақы 270 мың теңгеден асады.

Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Спикердің сөзіне сүйенсек, өңірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 102,6 пайызға, ауыл шаруашылығы 103 пайызға, құрылыс жұмыстары 105,9 пайызға, инвестиция 106 пайызға өскен.

Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер де 1,3 есеге артқан көрінеді. Жалпы өңірлік өнім де өсіп, 3,5 триллион теңгеге жеткен.

«Орташа айлық жалақы 124 пайызға өсіп, 276 мың теңге болды», - деді Алмасхан Сматлаев.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, өңірде жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыздан аспайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив