KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

ШҚО: 117 ауыл сапалы интернетпен қамтылады

шартты сурет

3.01.2023, 10:21 147 Оразай Жеңісұлы

Алдағы бес жылда ішінде Шығыс өңіріндегі 117 ауылы сапалы интернетпен қамтылады.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев айтты, деп хабарлайды деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«2027 жылға қарай желі мүлде жоқ 117 ауылды сапалы интернет пен ұялы байланыспен қамту жоспарда бар. Бұл жұмыс биыл басталып кетеді және екі кезеңмен жүзеге асады. Бірінші кезеңде 100-ден астам халқы бар ауылдарға, екіншісінде тұрғыны саны 100-ден аз ауылдарға интернет тартылады. 2023 жылы 1,3 млрд теңгеге 19 антенналық-мачталық құрылыс салу көзделуде», - дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев.

Антенналық-мачталық құрылыстарды салу жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалған соң басталады. Содан кейін ұялы байланыс операторларымен келісім-шарт жасалады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив