KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Өскемен мен Риддерегі жылу электр орталықтары қызыл аймақта тұр

9.01.2023, 15:44 444 Ләззат Қанатқызы

Қазір елімізде барлығы 37 жылу электр орталығы жұмыс істесе, оның 19-ы қызыл аймақта тұр.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Энергетика министрлігі 37 жылу электр орталықтарының техникалық жай-күйіне талдау жүргізіп, тәуекел топтары бойынша анықтап, бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеген.

Белгілі болғандай, қызыл аймаққа (жоғары тәуекел дәрежесі) 19 ЖЭО, сары (орташа тәуекел дәрежесі) 11 ЖЭО және жасыл (төмен тәуекел дәрежесі) 7 ЖЭО кірді.

- Бүгінгі таңда елде 37 жылу электр орталығы жұмыс істейді. Оның 12-сі – коммуналдық меншікте (Астана, Ақтау, Семей, Қостанай, Кентау, Орал, Арқалық, Шахтинск, Қызылорда, Тараз қалаларында), үшеуі – квазимемлекеттік («АлЭС» АҚ) және 22-сі – жеке меншікте. 25 жылу электро орталығындағы негізгі отын – көмір, 11 жылу электр орталығында – газ және мазуттағы бір ЖЭО бар. 37 ЖЭО-да 190 бу қазандығы, 41 су жылыту қазандығы, 132 бу турбинасы және 5 газ турбинасы жұмыс істейді, - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Премьер-Министрдің жауабына қосымша ұсынылған анықтамаға сәйкес, тәуекел аймағына мына қалалардағы ЖЭО-лар кіреді:

Арқалық - 1, Кентау - 1, Қызылорда - 1, Орал - 1, Степногорск - 1, Теміртау - 2, Павлодар - 1, Ақтау - 1, Шахтинск - 1, Риддер - 1, Рудный - 1, Балқаш - 1, Жезқазған - 1, Өскемен - 1, Петропавл - 1, Семей - 1, Екібастұз - 1, Тараз - 1; сары тәуекел аймағындағылар: Алматы - 2, Павлодар - 1, Ақтау - 1, Қарағанды - 2, Текелі - 1, Шымкент - 1, Қостанай - 1, Атырау - 1; жасыл тәуекел аймағындағылар Алматы - 1, Орал - 1, Павлодар - 1, Астана - 1, Ақтөбе - 1, Астана - 1.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив