KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қоғамдық орындағы балағат сөз үшін айыппұл 4 есеге артты

9.01.2023, 17:19 493 Ләззат Қанатқызы

Қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандарға 20 АЕК айыппұл салынады және қамауға алу жазасы 5 күннен 30 күнге ұзарды.

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының міндетін атқарушы Азамат Құрымбаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

- Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің жаңа нұсқасында «ұсақ бұзақылық» ұғымына: қоғамдық орындарда балағат сөздер айту; жеке тұлғаларды қорлау және оларға қысым көрсету; ғимараттарға, құрылыстарға, тұрғын үй-жайларға, ортақ пайдалану орындарына, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікке нұқсан келтіру; айналаға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер жатады, - деді Азамат Құрымбаев.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алады.

Ал жаңа редакцияда айыппұл 20 АЕК (69 000 теңге) құрайды, қамауға алу 5-тен 30 тәулікке дейін ұзарады.

- Аталған түзетулер алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, - деді Азамат Құрымбаев.

Биыл 3 қаңтарда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне экологиялық құқықбұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» және «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық құқықбұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив