KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
448.15 483.46 4.86

Азаматтық қорғау академиясына оқуға қыздар да қабылданады

9.01.2023, 18:29 603 Мадина Амангелдіқызы

ҚР ТЖМ академиясына  оқуға енді қыздар да қабылданады.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мен «ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-де ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға үшін құжаттар қабылдау басталды. Биыл оқуға қыздар да түсе алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Азаматтық қорғау академиясына күндізгі оқу нысанына орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары (ұлдар мен қыздар) қабылданады. Академияға қабылдау медициналық, физикалық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес конкурс түрінде жүргізіледі.

Академияда курсанттарды оқыту республикалық бюджет қаражат есебінен жүзеге асырылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне тегін киім-кешекпен, тамақпен және мемлекеттік шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ курсанттарға демалыс кезінде жол жүру ақысы төленеді. Оқу мерзімі - 4 жыл. Оқу уақыты мен мерзімі әскери қызмет өткерумен теңестіріледі.

Биылдан бастап азаматтық қорғау академиясына оқуға қыздар да қабылданатын болды. 1-4 курс аралығында қыздар Көкшетау қаласында жатаханадан тыс жерде өз есебінде тұрады.

Академияға түсуге ниет білдірушілер тұрғылықты жері бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаментінің  кадр саясаты бөлімшелеріне өтініш (еркін нысанда) береді.

Толық ақпарат алу үшін ШҚО ТЖД кадр саясаты бөліміне 25-07-94 телефоны арқылы хабарласуға болады.

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив