KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Төтенше жағдай қызметі шығысқазақстандықтарды абай болуға шақырады

9.01.2023, 21:05 377 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО ТЖД аймақ тұрғындарына  9-12 қаңтар  аралығында қар көшкіні қауіпі бар екенін ескертті.

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының ақпараты бойынша,  қолайсыз метеожағдайларға – қар мен мен желдің күшеюіне байланысты, 9-12 қаңтар  аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ТЖД мамандары бұл уақытта тауға барудан бас тартуға шақырады.

Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді.  Мұндай жерлерден өткенде тоқтауға болмайды, қауіпті аймақтан тез шығу қажет екенін есте сақтаңыздар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив