KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

«Сергекті» көліктік бақылау қызметінде пайдалануы мүмкін

Фото: kolesa.kz

10.01.2023, 21:05 292 Мадина Амангелдіқызы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Сергекті» көліктік бақылау қызметінде пайдалануды қарастырып жатыр.

Таяуда Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен жұмыс отырысы өткізіліп, оның барысында ішкі істер органдарының еліміздің қалаларындағы автожолдарда жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты фото-бейне тіркеу бойынша жұмыс тәжірибесі талқыланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Статистикаға сүйенсек, соңғы 4 жылда Қазақстанда 55 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 60 мыңнан астам адам зардап шегіп, 8 мыңнан астам адам қаза тапқан екен.

«Сергек» аппараттық-бағдарламалық жүйесі енгізілгеннен кейін жолдағы өлім-жітім  50%-ға төмендеп, қоғамдық орындардағы қылмыс айтарлықтай азайыпты. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін төленетін айыппұлдардың есебінен бюджетке 50 млрд теңгеге жуық қаражат түскен.

Аталған заманауи жүйенің жұмысындағы оң нәтижені бағамдай отырып, ҚР ИИДМ көліктік бақылау қызметтерін автоматтандыру мақсатында осы технологияны пайдаланудың мүмкіндігін қарастырып отыр.

Қазір ведомствомен «Астана-Теміртау» жолдарында қанатқақты жобаны іске асыру үшін «Көркем телеком» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандум жасасу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Бұл жоба ірі көлемді және ауыр салмақты автокөліктердің қатысуымен болған құқық бұзушылықты, сондай-ақ жолаушылар мен багажды тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті автоматты түрде анықтап, көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде адами фактор мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау арқылы жол төсемінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік және экономикалық тиімділікке қол жеткізуге септігін тигізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив