KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Автожолдарды жөндеуге арналған бағаларды есептеу процестері автоматтандырылады

Фото: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

10.01.2023, 22:16 302 Мадина Амангелдіқызы

2023 жылдан бастап автожолдарды жөндеуге арналған бағалар арнайы бағдарлама арқылы есептелетін болады. Dorsmeta бағдарламасы смета жасау кезінде адами факторды жояды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің тапсырысы бойынша «ҚазжолҒЗИ» АҚ мамандары республикалық маңызы бар қалалық жолдар мен автомобиль магистральдарын күтіп ұстауға, ағымдағы және орташа жөндеуге арналған бағаларды есептеу процестерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін «цифрлық сметалық жүйені» құру бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Dorsmeta» бағдарламасы есептеулерді нақтылауға, белгілі бір жұмыстарды орындау құнын анықтайтын қаржылық құжаттарды дайындауды жеделдетуге арналған. Тағы бір маңыздылығы – тапсырыс берушілердің немесе жол жөндеу мердігерлерінің есеп айырысу кезінде адами факторды болдырмауы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуы.

«Бұған дейін орташа жөндеу бойынша сметалық құжаттама қолмен жасалатын. Әр маман ондаған арнайы жинақты қарап, бағаларды енгізуге мәжбүр болатын. Бұл біріншіден ұзақ, екіншіден сенімсіз. Себебі, қателіктер кетіп қалу ықтималдығы жоғары. Көптеген стандарттары бар автоматтандырылған есептеу жүйесі үлкен қателіктердің алдын алуға септігін тигізеді. Мысалы, бір артық сан енгізіліп кетсе, бағдарламаның интерфейсі бірден қателікті көрсетеді», – дейді «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның инженер-сметашысы Жайна Самажанова.

Аталмыш бағдарлама бойынша жұмыстар 2019 жылдан бастап жүргізілуде, жобаны 2023 жылы пайдалануға беру жоспарда бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив