KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 10 м/с, СШ
444.22 476.38 4.82

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

12.01.2023, 16:05 270 Ләззат Қанатқызы

«Өскемен-Алтай» тасжолында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өңірде қар көшкіні қаупі әлі де сақталып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- «Өскемен-Алтай» тасжолының 58-66 шақырымындағы тау бөктерінде 4 рет жарылыс жасалып, 11 400 текше метр қар түсірілген. Бірден жолды қардан тазарту жұмыстары қолға алынды, - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ТЖ мамандары тұрғындарға таулы аймақтарға барудан бас тарту керектігін, барынша абай болып, сақтақ шараларын қатаң сақтау керек екенін ескертеді. Егер қандай да бір төтенше жағдайға тап болсаңыз 112 арнасына хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив