KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Жеке куәлігін жиі жоғалтатын азаматтарға мемлекеттік баж мөлшері артады

12.01.2023, 22:01 486 Мадина Амангелдіқызы

Жеке куәлігін жылына екі реттен көп жоғалтқан адамдарға аталған қызмет үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшері көбейтілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

Мәжліс депутаттары Салық кодексіне осындай түзету енгізу туралы бастама жасап отыр.

Құжат мәтінінде жоғалған жеке куәлігін қалпына келтіру туралы өтінішті бір жылда үшінші рет беріп тұрған адам 1 АЕК (3 450 теңге) көлемінде мемлекеттік баж төлейтіні айтылған. Қазіргі қолдаынста Қазақстан Республикасының кез келген азаматыжеке куәлігін ресімдеу немесе ауыстырғаны үшін 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлейді.

«Құжатты қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік баждың ұлғаюы азаматтарды жеке басын куәландыратын құжаттарға ұқыпты қарауға ынталандырады», – делінген құжатпен қоса берілген негіздемеде.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив