KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

14.01.2023, 10:14 470 Оразай Жеңісұлы

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың сауалдарын назарға алып, бірқатар тапсырмалар берді.

Қабылдауға келгендердің басым бөлігі сүтті мал шаруашылығымен айналысатын ауыл кәсіпкерлеріне білім беруді дамыту мен субсидиялауға қатысты болды. Өз міндеттемелерін орындамайтын және объектілерді тапсыру мерзімін кешіктіретін құрылыс компаниясының кепіліне айналған Өскемен қаласының тұрғындары маған маңызды және алаңдатарлық сұрақпен жүгінді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Адамдар үлестік қатысу туралы емес, пәтерлерді брондау туралы шарттар жасасты және бұл облыс орталығындағы осындай екінші жағдай. Мен Дайнека» және «Роял Финанс» компанияларының қызметін, сондай-ақ шарттардың құқықтық аспектілерін тексеретін комиссия құруды тапсырдым. Белгілі болғандай, фирмаларда үлестік құрылысқа ешқандай құжат болмаған, сәулет-құрылыс бақылауының өкілдері сотқа өтініш берген, – деді өңір басшысы Даниал Ахметов.

Облыс әкімінің қабылдауында «Евромед» клиникасының директоры Ольга Анатольевна Виноградова болды. 2019 жылы фирма аукционда ғимаратты 300 миллион теңгеге сатып алған, енді үш жылдан кейін «Шығысмашзауыт» АҚ бұл мәміленің заңсыздығы туралы талап арыз берген көрінеді.

– «Евромед» заңгерлерін өңірдің мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қабылдайды, сонымен қатар олар барлық құжаттарды ШҚО прокуратурасына тапсырады, онда егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп, жағдайға нақты құқықтық баға берілетін болады. Мен бұл сұрақты жеке бақылауда ұстаймын, – деді Даниал Ахметов.

Сондай-ақ аймақ басшысы Тарасовтар отбасын қабылдап, қылмыстық істің қосымша материалдарымен және отбасының талаптарымен танысты.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив