KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Ауыл халқының табысын арттыратын жоба іске қосылады - ШҚО

көрнекілік сурет

14.01.2023, 15:16 625 Оразай Жеңісұлы

Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс әкімі әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселесі бойынша басқарма басшыларымен кеңес өткізді.

Кеңесте ауыл халқының табыстылық деңгейін арттыратын республикалық пилоттық жоба жөнінде сөз қозғалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Қазір Жамбыл облысында ауыл халқының табыстылық деңгейін арттыру бойынша республикалық пилоттық жоба іске асырылуда. Мен біздің мамандарға сонда барып, жобаны біздің өңірде жүзеге асыру үшін осы жүйенің қалай жұмыс істейтінін көруді тапсырдым», - деді Шығыс өңірінің әкімі Даниал Ахметов.

Аймақ басшысының айтуынша, ауыл тұрғындарын шағын несиелендіруге қатысты 438 миллион теңгеге 90 жоба бекітілген. Бұл салада Зайсан ауданы көш бастап тұрған көрінеді.

«Шемонаиха ауданында, сондай-ақ Самар және Алтай аудандарында жұмысты жандандыру қажет», - деп тапсырды облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив