KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 7 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Шығыста кадеттер тағылымдамадан өтіп жатыр

Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

14.01.2023, 17:21 375 Оразай Жеңісұлы

ҚР Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж кадеттері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімінде тағылымдамадан өтіп жатыр.

Білікті маман – бәсекеге қабілетті сарбаз тәрбиелейді. Ол үшін командирлердің сапалы тәлім алуы аса маңызды. Кадеттер өздеріне бекітілген бөлімшенің командирі болып бір айға жуық уақыт тағылымдамадан өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тағылымдама барысында кадеттер бөлімше командирінің лауазымды міндеттерін өздігінен орындау, жеке құрамды басқару мен жауынгерлік даярлық жөнінде сабақ өткізу машықтарын тәжірибе барысында меңгереді. Кадет өзінің көшбасшылық қасиеті мен сеніп тапсырылған бөлімшемен жұмыс істеу әдістемесін пысықтай отырып, командалық-әдістемелік дағдысын шыңдайды. Ал олардың іс-қимылын рота сержанттары мен взвод командирлері қадағалайды. Аға әріптестері мен тәлімгерлері ретінде олардың мықты және осал тұстарын айқындай отырып, консультативті және әдістемелік көмек көрсетеді.

Мұндай тағлымдаманың бізге берері мол деп ойлаймын. Өйткені практика барысында кадеттердің өз өзіне деген сенімі нығаяды. Болашақ кіші командирлер үшін сенімділік табысты қызметтің кепілі, – дейді кадет Расул Бердалиев.

Әскери бөлімге алғаш рет келген кадеттер алғашында қателіктерге де жол беріп жататын көрінеді.

 - Әскери бөлімге алғаш рет келген кадеттер тағылымдаманың басында бөлімшені басқаруда қиындыққа тап болып жатады. Бірақ келесі жолы өзінің ағаттығын қайталамайды. Тәжірибе осылай қалыптасса керек, – дейді 27943 әскери бөлімінің сержанты Қуат Қасымов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив