KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Биыл 10 өңірде жастарға арналған бағдарлама іске қосылады

16.01.2023, 15:02 266 Ләззат Қанатқызы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жастарды баспанамен қамту жұмыстары туралы айтты.

Биыл жыл соңына дейін 10 өңірде өңірлік тұрғын үй бағдарламаларын іске қосу жоспарланған.

- Жастардың тұрғын үй мәселесін шешу бойынша нақты жұмыстар жалғасады. Қазір өңірлік тұрғын үй бағдарламалары 6 өңірде іске қосылды. Биыл жыл соңына дейін осындай бағдарламаларды 10 өңірде әзірлеу жоспарланған, - деді Дархан Қыдырәлі министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Айта кетейік, таяуда мемлекеттік жастар саясаты туралы заң қабылданды. Заңға сәйкес, жастар санаты 35-ке дейін ұлғайды. Бұл санаттағы азаматтар саны 6 миллионға дейін көбейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив