KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Құтқарушылар Крещение Господне мерекесі кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтты - ШҚО

17.01.2023, 17:02 278 Ләззат Қанатқызы

Әлемнің барлық православие өкілдері 19 қаңтар күні Крещение Господне мерекесін атап өтеді. Облыстың 8 қаласы мен ауданында (Өскемен қ., Риддер қ., Алтай ауданы және Глубокое, Катонқарағай, Күршім, Ұлан, Шемонаиха аудандары) жергілікті атқарушы органдар мерекелік рәсімдерді өткізуді жоспарлауда.

Өскеменде Сол жағалау этнографиялық кешенінің жанында және Аблакетка ауданындағы ғибадатхананың жанында 2 ресми орын жұмыс істейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өңірде барлығы рұқсат берілген 20 шомылу орны анықталды: Өскемен қаласы-2, Риддер қаласы – 3, Алтай ауданы - 4, Күршім ауданы-1, Катонқарағай ауданы -1, Ұлан ауданы–2, Глубокое ауданы - 3, Шемонаиха ауданы -4.

Азаматтардың қауіпсіздігі үшін құтқарушылардың, жергілікті атқарушы органдардың, жедел жәрдем дәрігерлерінің және Апаттар медицинасы орталығының, полиция қызметкерлерінің жеке құрамынан 271 адам мен 65 бірлік техникасы кезекшілік ететін болады.

- Шомылу орындарында жергілікті атқарушы органдар суға түсетін баспалдақ орнатып, жарық қояды, жылы шатырлар орнатады. Ал біздің қызметкерлер қауіпсіз суға түсуді қамтамасыз етеді, - дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив