KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Жанармай тапшылығына жол берілмейді – ШҚО

сурет ашық дереккөзден алынды

17.01.2023, 17:05 291 Оразай Жеңісұлы

Облыс әкімі қала және аудандардың әкімдерімен, басқарма басшыларымен кеңес өткізіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

Жиында егіс науқаны кезінде өңірді жанар-жағармаймен қамтамасыз ету туралы сөз қозғалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Көктемде біздің мұнай өңдеу зауыттары жөндеуге жабылады, сондықтан егіс науқаны кезінде жанармаймен жабдықтауда мәселе туындамас үшін әр ауданға қандай қор қажет екенін есептеп, өтінім беріп, төлем жасау қажет», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Сондай-ақ көптілділік бағдарламасын жүзеге асыру туралы айтылды.

«Қайта оқытудан 876 қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің оқытушылары өтті. Нәтижесінде осы пәндерді оқыту әдістемесі жақсарды, ал кәсібилігін растаған мұғалімдер әріптестерімен тәжірибе алмасады. Қазақстандағы тек алты мектепте неміс тілі бойынша DCD сертификаты бар,олардың екеуі Шығыс Қазақстанда», - деді облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив