KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 4 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Адам миына нейрочип орнатылды

18.01.2023, 14:31 316 Оразай Жеңісұлы

Америкалық стартап Synchron 2022 жылдың шілдесінде адам миына алғаш рет чип орнатты. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы медициналық орталықта бүйірлік амфитрофиялық склерозбен ауыратын науқастың қан тамырларына 38 миллиметрлік нейрочип имплантацияланған. Stentrode деп аталатын бұл құрылғы мүмкіндігі шектеулі жаңдардың өмірін айтарлықтай жеңілдетпек. Нейрочип адамның ойын оқып, компьютерге немесе смартфонға Bluetooth арқылы белгі береді. Қазір осындай чип аустралиялық төрт науқасқа орнатылған. Stentrode-тің көмегімен мүмкіндігі шектеулі жандар интернетті еркін пайдаланып, WhatsApp желісінде хат алмасып жүр.

Synchron өз құрылғысын алғаш рет 2016 жылы таныстырған. Аталмыш құрылғы адам өміріне зақым келтірмей, бас сүйегін ашпай-ақ имплантациялануымен ерекшеленеді. Дәрігер науқастың мойнына кішігірім тілік жасап, катетердің көмегімен нейроимплантты мойын тамыры арқылы жіберіп, чипті мидың қан тамырына енгізеді. Ал катетерді алып тастағаннан кейін құрылғы ашылып, Stentrode сымы кеудеге салынған арнайы құрылғыға қосылады. Осылайша нейрочип адамның ойын оқып, тиісті ақпаратты компьютерге жолдайды.

Synchron аталмыш жобаны адамға сынау үшін 2021 жылы рұқсат алған. Қазіргі таңда төрт науқасқа салынған чип оң нәтиже көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қолын ұзартып қана қоймай, олардың денсаулығын күнделікті бақылауда ұстап отыруға да септігін тигізіп отыр.

Айта кетелік, бүгінде бұл стартаптың негізгі бәсекелесі –америкалық бизнесмен Илон Масктың Neuralink жобасы. Белгілі кәсіпкер әлем үшін маңызы зор жобасын адамдарға сынап көруге әзірге рұқсат ала алмаған. Алайда жануарлардың миына салынған чип сәтті шығып, нейрочип орнатылған маймыл видео ойындарды ойнаған кезде тамаша нәтиже көрсеткен.

Ынтымақ Толқын

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив