KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.4 473.54 4.76

Риддер тұрғындары жылу үшін төлем қайта есептелуін талап етуде

18.01.2023, 14:53 265 Ләззат Қанатқызы

Қыстың қақ ортасында пәтерлері қайта суып кеткен риддерлік тұрғындар жылу үшін төлемнің қайта есептелуін талап етіп отыр.

Риддер қаласындағы ЖЭО-да тағы екі қазандық істен шыққан. Бірнеше сағаттың ішінде апат ішінара жойылғанымен, мәселе әлі де толықтай шешімін тапқан жоқ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шенеуніктердің айтуынша, нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген көрінеді.

- ЖЭО-ға алдағы жылыту маусымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Сондықтан мердігерлердің күшімен барлық жөндеу жұмыстары қысқа мерзімде орындалды. Кеше түнде де 2 қазандық істен шыққан, қазіргі уақытта 1 қазандық қалпына келтірілді, - деді ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев.

Сондай-ақ ол нысанды толығымен ретке келтіру үшін 8 млрд теңге қажет екенін атап өтті.

Облыс әкімдігі үш рет станцияны коммуналдық меншікке сатып алу туралы ұсыныс хат жолдаған көрінеді. Десе де, ЖЭО басышылығы әлі нақты жауап бермепті.

Ал, қыстық қақ ортасында жылуға жарымай отырған жергілікті тұрғындар жылу үшін төлем қайта есептелуін талап етіп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив