KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 2,9 м/с, СБ
444.22 476.38 4.82

Биыл ауыл халқының 96 пайызы таза ауыз сумен қамтылады

18.01.2023, 16:52 328 Оразай Жеңісұлы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022 жылы қала халқының 98,4 пайызы, ауылдықтардың 94,5 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылғанын мәлімдеді.

Осы көрсеткіштерді жүз пайызға жеткізу үшін мамандар «Әр елді мекенде таза су» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«2023 жылы қала халқының 98,7%-ын және ауыл халқының 96%-ын сумен жабдықтау қызметтерімен қамту жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жобаларды қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен шамамен 172 млрд теңге көлемінде ақша қарастырылып отыр», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында вице-министр Еркебұлан Дауылбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив