KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 7 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Зайсанда 2025 жылға дейін екі мектеп бой көтереді

шартты сурет

20.01.2023, 15:52 418 Оразай Жеңісұлы

Зайсан ауданында 2025 жылға дейін екі мектеп салынады.

Жаңа мектептердің бірі аудан орталығындағы, енді бірі Үлкен Қаратал ауылында орналасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Зайсанға жұмыс сапарымен облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышова бар. Маман Дайыр, Біржан, Жарсу, Кеңсай ауылдары және Зайсан қаласындағы білім мекемесінің жұмысымен танысты.

Жалпы қазір ауданда 27 мектеп жұмыс істейді, барлығы 6436 бала оқиды.

«Зайсан қаласында тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары, жаңа шағын аудандар бой көтеріп жатыр. Сондықтан Сауыр шағын ауданында 300 орындық жаңа мектептің құрылысы басталып кетті. Оған қоса 2025 жылы Үлкен Қаратал ауылында 200 орындық мектеп салу жоспарланған», - деді Инесса Чернышова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив