KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

23 қаңтарда шетелдік көліктерді заңдастыру басталады

kolesa.kz

21.01.2023, 12:01 465 Мадина Амангелдіқызы

Екі күннен кейін шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталады. Көлікті заңдастыруға өтінім беру осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын автобустар, шағын жүк көліктер, оң жақ рульді автокөліктерді заңдастырудағы талаптарға тағы да тоқталып өтейік.

Негізгі талаптары:

  • автокөлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек;
  • криминалдық есепте болмауы тиіс;
  • бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;
  • Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлікті кедендік тазарту өткізу қажет.


Өтінімді е-gov.kz электронды үкімет порталы, банк қосымшалары, ХҚКО-ның «Өз-өзіне қызмет көрсету секторы» арқылы беруге болады.

Керек құжаттар: өтінім, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат, көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлігі, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.


Төленетін мемлекеттік алымдар:

-Алғашқы тіркеу үшін – 200 000 теңге;

-Техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ – 4 313 теңге;

-Мемлекеттік нөмір – 9 660 теңге.


Сондай-ақ шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша сall-орталықтар жұмыс істейтінін еске саламыз:

Астана қаласы +7 7172 532 230

Алматы қаласы +7 747 733 10 20

Шымкент қаласы +7 7252 537 106

Абай облысы +7 702 761 48 66

Ақмола облысы +7 7162 299 813

Ақтөбе облысы +7 7132 462 440

Алматы облысы +7 775 576 02 26

Атырау облысы +7 7122 982 315

БҚО +7 705 124 65 47

Жамбыл облысы +7 7262 997 646

Жетісу облысы +7 7282 607 513

Қарағанды облысы +7 7212 415 390, +7 702 236 84 10

Қостанай облысы +7 747 847 38 42

Қызылорда облысы +7 7242 212 096, +7 705 102 68 41

Маңғыстау облысы +7 7292 474 569

Павлодар облысы +7 7182 377 735

СҚО +7 7153 330 022, +7 7153 320 019

Түркістан облысы +7 7253 358 637

ШҚО +7 7232 235 720, +7 7232 234 159

Ұлытау облысы +7 777 626 09 86, +7 705 303 51 27

 

 

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив