KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 5 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Аудан әкімдері су тасқыны бойынша проблемаларды анықтайды – ШҚО

21.01.2023, 18:42 234 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-дағы аудан әкімдері 10 күн ішінде су тасқынына қатысты өз өңіріндегі проблемаларды анықтап, ақпарат жинақтауға тиіс. Аймақ басшысы Даниал Ахметов осындай тапсырма берді.

Облыс әкімі коммуналдық қызметтер мен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен су тасқыны кезеңі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аймағымыздың кейбір аудандарында қар қалыңдығының биіктігі 115 сантиметрге, ал мұздың қалыңдығы 70 см-ге жеткен. Жарылыс жұмыстарын қажет ететін жерлер анықталып қойған. Облыс басшысы оларға алаңдамау үшін тендерлік процедураларды алдын-ала жүргізу маңызды екенін айлға тартты.

- Қаңтар айының соңынан бастап авиавизуалды, сондай-ақ барлық 131 гидротехникалық құрылысты тексеру басталады. Зайсан ауданындағы Үйдене гидроқұрылысы мен Самар ауданындағы бөгетке қатысты қауіп бар. 10 күн ішінде барлық деңгейдегі әкімдер қай жерде қандай проблемалар бар екені туралы ақпарат жинақтап беруі қажет – деп тапсырды Даниал Ахметов.


Қазір каналдарды, ағындарды, су өткізгіш құрылыстарды, көпірлер мен жолдардың астын тазалау жұмыстары басталып кетті. Осы аралықта 130 мың текше метрден астам қар шығарылған екен. Төтенше жағдай қызметі мобильдік бригадалары барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған, эвакуациялық пункттер дайындалып, айқындалған.

Әкімнің айтуынша, қары қалың Шемонаиха, Глубокое, Ұлан аудандары мен Алтай ауданы алаңдаушылық тудырып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив