KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
447.4 477.55 4.76

Риддерлік ЖЭО-да тәулік бойы жұмыс жүріп жатыр

21.01.2023, 19:19 280 Мадина Амангелдіқызы

Риддер жылу электр орталығында көмір беру трактісін қалпына келтіру бойынша тәулік бойы жұмыс жалғасып жатыр.

Айта кетсек, Риддердегі жылу электр орталығында өрт шықты. ШҚО әкімі екі тәулік ішінде көмір беру қалпына келтірілетінін, ал орталық әзірше отынның басқа түріне - мазутқа уақытша ауыстырылатынын айтқан болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жұмысқа жылу станцияларының, құрылыс фирмаларының және "Қазмырыш" компаниясының үздік қызметкерлері тартылды.

Даниал Ахметовтің айтуынша, 22 адамнан тұратын бригадалар бір-бірін алмастырып жұмыс істейді. Нақты жұмыс кестесіне сәйкес әркім өз учаскесі мен қызмет түріне жауап береді екен.

- Барлық процесс бір минутқа тоқтамады, бұны нақты уақыт режимінде, яғни кешкі сағат 10-да түсірілген бейнеде көруге болады. Сондай-ақ, жөндеумен қатар, кран орнаттық. Жүйедегі температураны көтеру үшін мазутқа ішінара қатты отынды қостық. Өзім айтып өткендей, үшінші күннің соңында тракт жұмысы қалпына келтіріледі. Риддер ЖЭО-дағы жұмыстарды орынбасарым толығымен басқаруда, станция иелерінің ешқайсысы ол жерге тіптен келген емес, - деді аймақ басшысы.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив