KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да сарбаздар ЖОО-ға түсуге дайындалып жатыр

23.01.2023, 11:36 381 Ләззат Қанатқызы

Биылдан бастап мерзімді әскери қызмет өтеп жүрген сарбаздар ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орынына түсе алады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметін атқарғандарға жоғары оқу орындарына түсуге жеңілдіктер беру туралы меморандумға қол қойған болатын.

Аталмыш жеңілдіктер қазір өз міндетін атқарып жатқан және 2022 жылы әскерге шақырылған сарбаздарға беріледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің әскери қызметшілері отан алындағы борышын өтегеннен кейін жоғары оқу орындарына түсуді және өздері таңдаған мамандықтар бойынша білім алуды жоспарлап отыр.

- Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік. Себебі, мектеп бітіргеннен кейін кейбір түлектер қай мамандыққа түсу керектігін білмей, көп ойланады. Ал, біз әскери міндетімізді орындап келгеннен кейін не істеп, қандай қызмет артқарғың келетінін жақсы білесің. Қазіргі уақытта біз жоғары оқу орнында қажетті негізгі пәндерді оқып жатырмыз. Ол үшін бізге арнайы мұғалімдер келіп, сабақ өткізеді, - дейді қатардағы Ермеш Бексұлтан.

Яғни, айына бірнеше рет Жаңа Ахмер кентіндегі орта мектептің мұғалімдері әскери бөлімге келіп, сарбаздарға сабақ өткізіп, сұрақтарына жауап береді.

Айта кету керек, мерзімді әскери қызмет өткерген барлық азаматтарға әңгімелесу нәтижелеріне байланысты Ұлттық бірыңғай тестілеуді есептемегенде әскери борышын өтегеннен кейін екі жыл ішінде ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндік беріледі. Ал мерзімді қызмет кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен сарбаздар ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға тегін түсе алады. Сонымен қатар, университеттерден жеке гранттар қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив