KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
449.58 486.94 4.86

ШҚО-да бірнеше жол жабылды

23.01.2023, 14:46 462 Оразай Жеңісұлы

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы күн райының бұзылуына байланысты күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Өңірде бірнеше жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Омбы-Майқапшағай тасжолының Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына, Алматы-Өскемен тасжолының Аягөзден Қалбатау ауылына дейінгі учаскесінде және  Өскемен-Семей жолының 10-198 шақырымында көлік қозғалысы шектелді.

Оған қоса Қалбатау мен Қасым Қайсенов кентінің аралығындағы жол учаскесімен тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қатынауына тыйым салынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив