KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Шығыс өңірінде бұрқасын соғады

23.01.2023, 16:14 333 Оразай Жеңісұлы

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 24 қаңтарда өңірдің солтүстігінде және шығысында бұрқасын күтіледі.

Жел екпіні секундына 15-20 м/с болады, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

«Алыс сапарға шықпаған абзал. Тасжолда жылдамдық режимін сақтау қажет. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің де абай болғаны жөн. Өйткені тайғақ жолда жарақат алу қаупі жоғары. Жел күшейген кезде автобус аялдамасында, ағаштардың, электр желілерінің және металл қоршаулардың жанында тұрмаңыздар! Осындай қауіпті жерлерге көлікті де қоймаған жөн. Ал жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты «Дәрмен» ұялы қосымшасынан көруге болады», - деді ТЖД мамандары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив